Бірінші АЭС толығымен ұлттық бақылауда болады
Росатом салатын бірінші АЭС толықтай ұлттық бақылауда болады. Бұл туралы Атом энергетикасы жөніндегі агенттіктен мәлім етті.
Алматы, NEGE. «Бұл толығымен ұлттық бақылауға алынатын бірінші қазақстандық АЭС болады. Серіктес таңдау тәуелділікті білдірмейді. Қазақстан атом энергетикасында өзіндік құзіретін дамытып жатыр. Еліміз уран өндірірісі бойынша әлемде бірінші орында тұр. Ядролық отын өндіреді. Ұлттық кадрларды белсенді дайындау, инфрақұрылым құрып жатыр», – деді агенттіктен БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Жобаны жүзеге асыру халықаралық консорциумның қатысуын көздейді. Бұл технологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, бір жеткізушіге тәуелділік тәуекелін төмендетеді.
«Бұл ретте барлық негізгі шешім Қазақстанның мүддесі мен қауіпсіздігін басымдыққа ала отырып, ұлттық деңгейде қабылданады. Иесі, операторы, барлық технологиялық шешімдерге жауап беруші, пайдаланушы ұйым Қазақстан тарабы болады», – деді ведомстводан.