9 сентября 2025 г. 18:22

Бірінші АЭС-тің атауына байқау жарияланды

Фото: pixabay.com

Атом энергиясы жөніндегі агенттік Алматы облысының Жамбыл ауданында салынатын атом электр станциясына атау беру бойынша жалпыұлттық байқауды ұйымдастыратын байқау комиссиясының құрамын бекітті.

Алматы, NEGE. Комиссия құрамында Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Сенат депутаттары Бибігүл Жексенбай мен Дархан Қыдырәлі, Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов және саясаттанушылар мен сала мамандары бар.

Байқау 17 қазанға дейін өтеді.