Бірнеше республикалық маңызы бар жол жабылды

2024 жылғы 1 желтоқсан сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Қызылорда – Павлодар» автожолының Қарағанды облысындағы жол бөлігі, Ұлытау облысының шекарасынан Топар ауылына дейінгі бөлік және Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі автожолдарда қозғалыс шектелді.

Сонымен қатар «Қарағанды – Аягөз – Боғаз» автожолының Қарқаралы қаласына дейінгі жол бөлігінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтатылады.

Жолды 2024 жылғы 2 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді