Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстанды Конституция күнімен құттықтады

Қазақстанды Конституция күнімен әлемдік қауымдастық құттықтады, деп хабарлайды БҰҰ.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Татьяна Молчанның пікірінше, Қазақстан Орталық Азияда ғана емес, бүкіл әлемге үлгі боларлық бастамаларымен беделді.

Атқарушы хатшы Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мемлекеттері мен Ауғанстанда жұмыс істейтін Тұрақты даму орталығының Алматыда ашылуын ерекше атап өтті. Сондай-ақ келесі жылы Астанада Өңірлік климат саммитін өткізу бастамасын жоғары бағалады.

«Қазақстан әлеуметтік және экономикалық дамуға қатысты басты мәселелерді шешуде біраз жетістікке жетті. Елдің халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде ілгерілетіп отырғаны әрдайым қуантады. Қазақстанның барлық өршіл жоспарлары мен мақсаттары орындала берсін деп тілеймін», – деді БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Татьяна Молчан.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды