Британияның экономикасы неге кері кетті?

Үздіктің мысалындай көрінген Ұлыбритания экономикасы 1979 жылдан бергі ең төменгі деңгейге дейін қысқарды.

Алматы, NEGE. Ұлттық статистика басқармасының хабарлауынша, ішкі өнім қаңтардан наурызға дейін 2,2%-ға төмендеген. Бұған дейін Reuters экономистері 2% деп болжаған. Нәтиже одан да төмен.

Премьер-министр Борис Джонсон сейсенбі күні Британия экономикасын қалпына келтіруді жылдамдату бойынша өз жоспарын ұсынады.

Инфрақұрылымға 5 млрд фунт стерлинг (6,13 млрд доллар) инвестиция тарту көзделіп отыр.

Англия банкі биыл экономикалық құлдырау соңғы үш ғасыр ішіндегі ең төменгі деңгейге жетуі мүмкін деп мәлімдеді.