«Британиялық» штамның пайда болу себебі жарияланды

Коронавирустың бұл елде табылған жаңа штамы елдегі зертханадан таралып кеткен болуы мүмкін. Иранның денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі Әлиреза Вахабзаде осылай деп топшылап отыр.

Алматы. NEGE. «Мен британиялық ғалымдардың бірімен сөйлескенде, ол маған мутацияланған вирустың зертханадан таралып кеткенін айтты, бірақ оның қалай таралғаны белгісіз», – деп жазды Вахабзаде өзінің Twitter-дегң парақшасында. Дегенмен ол нақты кіммен сөйлескенін жарияламады. Еске сала кесек, 14 желтоқсанда Британияның денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок елде вирустың жаңа штамы табылғанын мәлім еткен еді. Оның айтуынша, бұл фактор COVID-19 дертінің Англияның оңтүстік-шығысында тез таралуының себебі болуы мүмкін. Ғалымдар жаңа штамм бұрынғысына қарағанда тез тарайтынын мәлім етті. Осы жағдайға байланысты бірқатар ел Британиямен арадағы көлік қатынасын тоқтатып тастады.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?