Британияда вирус жұқтыру коэффиценті төмендеп жатыр

Британияда коронавирус жұқтыру коэффиценті төмендеп жатыр. 7 миллионға жуық адам екпе алғаннан кейін Pfizer/BioNTech вакцинасы қауіпсіз деп танылды. Бұл туралы ВВС хабарлайды.

Алматы, NEGE. Кейінгі аптада Біріккен Корольдықтағы Covid-19 жұқтыру оқиғалары күніне 2-5 пайызға азайып жатыр. Жұма күні денсаулық сақтау министрлігі R коэффициенті деген атпен танылған аурудың өндіріс коффициенті әр өңірде 0,7-ден 1-ге дейінгі аралықта екенін айтты.

Бір апта бұрын бұл коффициент 0,7-1,1 аралығында болған. Ол әр жаңа науқас емделуді бастағанға дейін қанша адамға індет жұқтыратынын көрсетеді. Егер R коэффициенті бірден төмендесе эпидемия азайып келе жатқанын көрсетеді. Англияда қазіргі уақытта R коэффициенті 0,7-0,9 аралығында, ал Лондонда бұл көрсеткіш – 0,6-09.

«Енді Англияда эпидемия қысқарып жатыр деп сеніммен айтуға болады, бірақ мүмкіндігінше, бұрынғыдай үйде отырған дұрыс», - делінген денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде.

Мамырдың басында 50 жастан асқан британдықтардың бәріне Covid-19-ға қарсы екпе салу жоспарланып отыр. Премьер-Министр Борис Джонсон жағдай Пасхаға қарай жақсарады және биыл адамдар жазғы демалыстарын дұрыс өткізе алады деп үміттенеді.

Үкіметтің төтенше жағдайлар бойынша ғылыми кеңесшілері тобының (SAGE) мүшесі профессор Грэм Медли жалпы жағдайдың жақсарып келе жатқанын растап, бірақ үкіметті карантин ережелерін жеңілдетудің нақты бір күніне назар аудармай, «күнтізбе бойынша емес, жағдайға қарай» әрекет етуге шақырды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр