Британ ғалымы коронавирус әлемдік індетке айналуы мүмкін дейді

Ноттингем университетінің вирусология профессоры Джонатан Болл  коронавирустың әлемді жайлайтын індетке айналу қаупі тым жоғары деп мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Қытайдың CGTN Europe арнасына берген сұхбатында ғалым: «Қазір ақырындап вирусты ауыздықтауға болады деп отырғанымызда, оның үлкен әндетке айналу қаупі тым жоғарылап барады», - деп мәлімдеді.

Ғалым әзірге вирустың індетке айналу мүмкіндігі туралы нақты айтуға ерте екенін, оған көз жеткізуге біраз уақыт керектігін, дегенмен ондай қатерді тым күшті деп санайтынын айтқан. 

Дегенмен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері бұған дейін коронавирус бүкіләлемдік індетке айналған жоқ деп мәлімдеген еді. Олардың пікірінше, ауырғандардың дені Қытайда тіркелгендіктен, әзірге вирус тек бір елде ғана ушығып тұр.

Қазір оқып жатыр

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

21 наурыз – «Ынтымақ күні»