Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 120 доллардан асты

Сәрс

енбі күнгі сауда-саттық мәліметтеріне сәйкес, сұраныстың артуынанан мұнайдың әлемдік бағасы көтеріліп жатыр. Оң динамикаға жазғы саяхат маусымының басталуына байланысты жанармайға деген сұраныстың ықтимал артуы ықпал етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. «Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10:55-тегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің бағасы барреліне 120,93 долларға дейін, ал WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері 0,4 пайызға өсіп, 119,89 долларға жетті», – деп жазды 1prime.ru.

Америкалық мұнай институтының (API) мәліметінше, АҚШ-тағы коммерциялық мұнай қоры 3 маусымға дейін 1,845 миллион баррельге өсті. Мамандар, керісінше, 1,8 млн баррельге төмендейді деп күткен.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан көмір саласына инвестиция көлемін екі есе арттырмақ

Қазақстанның бірқатар өңірінде күн райы бұзылады: ТЖМ ескерту жасады

Павлодар алюминий зауытында екі жұмысшы жарақат алды

Астанада LRT іске қосылғаннан кейінгі екінші күні тоқтап қалды