Brent құны барреліне 2,23 пайызға төмендеді

Лондон ICE биржасында 2021 жылдың қазан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 64,97 долларға дейін 2,23%-ға төмендеді, деп хабарлайды ТАСС.

Алматы, NEGE. Бұл қор биржаларындағы сағат 00:02-дегі сауда алаңындағы деректерден мәлім болды.

Соңғы рет Brent бағасы 21 мамырда барреліне 65 доллардан төмен болған.

Сағат 00:21-ге қарай Brent маркалы мұнай бағасы $65,04 (-2,12%) деңгейінде болған.

WTI маркалы мұнай барреліне 61,86 долларға дейін арзандады (- 2,58%).