Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді
АҚШ пен Иран арасындағы дипломатиялық байланыстардың қайта жандануы мүмкін деген болжам және Сауд Арабиясынан мұнай экспортының өсуі аясында мұнай бағасы төмендеді.
Астана, NEGE. Brent маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстері 2,56%-ға арзандап, барреліне 101,21 доллар болды. Ал WTI маркалы мұнайдың қазандағы фьючерстік келісімшарттары 2,69%-ға арзандап, барреліне 97,61 долларға дейін төмендеді.
Қазақстандық CPC Blend мұнайының бағасы да төмендеді. Оның құны 0,72%-ға арзандап, барреліне 119,31 доллар болды.
АҚШ пен Иранның БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында келіссөз жүргізуі мүмкін деген ақпарат геосаяси тәуекелдердің төмендеуіне қатысты болжамды күшейтті. Сонымен қатар қыркүйекте Сауд Арабиясының мұнай экспорты тәулігіне 4 млн баррельден асты.