Брейк-данс олимпиадалық спорт түрі атанды

Брейк-данс ресми түрде олимпиадалық спорт түрі атанды, енді 2024 жылғы Париж Олимпиадасында алғашқы медальдар сарапқа салынады, – деп хабарлайды Unilad басылымы.

Алматы, NEGE. Көше жарысының Олимпиада бағдарламасына енгізілуі жас аудиторияны қызықтырады деген болжам айтылды.

Брейк-дансты жарыс түрі ретінде Париж ұйымдастырушылары екі жыл бұрын ұсынған болатын. 2018 жылы Буэнос-Айресте жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында алғаш рет брейк-данстан жарыс өткен. 

2019 жылы жарыстың бұл түрі Халықаралық олимпиада комитеті кеңесінің толық мүшелікке қабылдау туралы жеке шешімдері негізінде бірнеше бекіту кезеңінен өтті.

"Бұл брейкинг үшін жақсы жаңалық, өйткені бұл спорт түрі ретінде танылады. Бұл Олимпиадаға дәстүрлі спорт түрлерімен айналыспайтын жастарды тартады", - деді ұлыбританиялық брейк-дансер Карам Сингх.

Брейк-данспен қатар, Халықаралық Олимпиада комитеті 2024 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына скейтбординг, спорттық альпинизм және серфингті енгізді.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды