23 декабря 2020 г. 12:41

«Дебилы, бл#ть!». Сыртқы істер министрі мінез көрсетті

Фото:

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді еліміздің территориялық тұтастығына қатысты сыңаржақ пікір айтқан Ресей Мемдумасының депутаттарына қатқыл жауап берді.

Мәжілістің отырысында М.Тілеуберді былай деді: «Шын мәнінде бұл маңызды мәселе екенін түсінесіздер. Біз депутат Никоновтың сөзінен кейін сыртқы істер министрлігінің ғимаратына Ресей елшілігінің уақытша өкілін шақырттық. Елші Мәскеуде іссапарда жүр екен. Менің орынбасарым оны қабылдап, нота тапсырды және СІМ-нің ресми ұстанамын жеткізді. Тәжірибе бойынша олар ресми жауап бермейді, бірақ шара қолданғанын хабарлады. Олар Парламентпен және Президент әкімшілігімен хабарласып, мұндай сөздерді жариялауға болмайтынын айтқан. Ал егер Федоровтың сөзіне келер болсақ, ол кеше де қайталады, қазақ ретінде, Қазақстанның азаматы ретінде бұл менің намысыма тиеді.

Жоғары білімі бар, Отанымыздың тарихын білетін адам ретінде мен бұл айтылған сөздерге орыс тілінде былай жауап беремін: это – бред сивой кобылы.

Мұндай мәселелер көтерілген кезде ең алдымен тарихшыларға, ғалымдарға арқа сүйеу керек. Сыртқы істер министрі ретінде мен мұны Ресей Федерациясының ресми ұстанымы емес екенін айтқым келеді».

Сыртқы істер министрінің мінез көрсеткені дұрыс болды. Әйтпесе, никонов, федоров, жириновскийлер аузына келгенін айтып, бұдан әрі де басына бергісі келеді.

С.Лавров пен М.Тілеуберді. Фото: kommersant.ru

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейрмен кездесу барысында келіссөзге келген тарапты «дебилы, бл#ть!» деп сыбап жібергені бар.

Біз де никонов, федоров, жириновскийлерге қарата лавровшалағымыз келіп отыр: Дебилы, бл#ть!

Тегтер: