Бразилияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 150-ден асты

Құтқарушылар үйінді астынан 24 адамды шығарып үлгерді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Алматы. NEGE. Бразилияның Рио-де-Жанейро штатының таулы аймақтарының бірі Петрополис қаласында нөсер жауын болды. Салдарынан көшкін мен су тасқыны құрбандарының саны 152-ге жетті, оның 27-сі балалар. Бұған дейін 136 адам қаза тапқаны болатын.

Құтқарушылар үйінді астынан аман қалған 24 адамды шығарып үлгерді, 165-і із-түзсіз жоғалғандар тізімінде. Іздеу жұмыстарына 500 құтқарушы, 200 полиция қызметкері, сондай-ақ әскерилер мен еріктілер жұмылдырылды.

Олардың болжамынша, қайғылы оқиғадан төрт күннен кейін тірі қалғандарды табу мүмкін емес. Кейінгі күндері іздестіру жұмыстарына ауа райының қолайсыздығы да кері әсерін тигізді. Қалың тұман түсіп, жауын-шашынның толастамауы жағдайды қиындатты.

Жұма күні Бразилия президенті Жаир Болсонаро зардап шеккендерге 430 миллион доллар бөлінгенін жариялады.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр