Футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырады
Бразилияда футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырап, алты адам қаза тапты.
Алматы, NEGE. Олардың бесеуі жолаушылар болса, біреуі ұшқыш. Белгілі болғандай, ұшақ көтерілген бетте құлаған. Бұл туралы Globo хабарлады.
Апат орнында түсірілген видеоны Twitter әлеуметтік желісінің қолданушылары жүктеген. Онда ұшақтық екіге бөлініп, кейін өртенгенін көруге болады. Ұшақ бортында «Пальмас» бразилиялық төртінші дивизионының 4 футболшысы, сондай-ақ клуб президенті Лукас Мейра және ұшқыш болған. Ұшақ ұшу-қону жолағына жақын маңға әуеге көтеріле бере құлаған. Қайтыс болғандар: қақпашы Рануле (27 жас); қорғаушылар — Лукас Пракседес (28 жас), Гильерме Ноэ (28 лет); жартылай қорғаушы Маркус Молинари (23 жас), клуб президенті Лукас Мейра (32 жас).