Бразилияда футбол жанкүйерлері төбелесіп, 1 адам көз жұмды

Футболдан әлем чемпионатында Бразилия жеңіліп қалғаннан кейін жаппай төбелесте 17 жасар қыз көз жұмып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы, NEGE. ТАСС хабарлауынша, оқиға Бразилияның Сан-Паулу штатындағы Барретуш қаласында болды. Бразилия – Хорватия матчы аяқталғаннан кейін сауда орталығында жанжал туындап, жаппай төбелеске ұласқан. Жанжалдасқандар сауда орталығы сыртында атысқа дейін барған. Соның салдарынан 17 жасар қыз оқ жарақатынан қаза тапты. Ал оның құрбысы өкпесінен жарақат алған.

Полиция мәліметіне қарағанда, оқ атқан төртеу автокөлікпен оқиға орнынан бой тасалаған. Жанжалдың себебі нақтыланбаған. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бразилияның бас бапкері орнын босатты.  

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды