Бразилияда жолаушылар ұшағының апатқа ұшырау себебі айтылды

Бразилияда жолаушылар ұшағының апатқа ұшырау себебі аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz g1 сайтына сілтеме жасап.

Zakon.kz

Алматы, NEGE. Кейінгі мәліметтер бойынша, Бразилиядағы ұшақ апаты салдарынан 62 адам қаза тапты.

Бразилияда ATR-72 турбовинт ұшағының апатқа ұшырауына ұшақ қанаттарында мұздың пайда болуы себеп болуы мүмкін. Ұшақ тұрғын ауданға құлаған.

Ұшақ басқарылмай, қатты мұзданған аймаққа кіріп, айнала бастады деген болжам бар. Ұшақ ауада айналып, кейін құлаған. Құлау салдарынан 62 адам қаза тапты - 58 жолаушы, екі бортсерік, екінші ұшқыш және әуе кемесінің командирі.

Апатқа қатысты тергеу жалғасып жатыр. Ұшақ Каскавелден (Парана штаты) Гуарульосқа (Сан-Паулу штаты) ұшты.

Полиция апатқа қатысты тергеуді бастады.

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты