Бразилия құрамасы – футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионы

Өзбекстанда өткен финалда Бразилия мен Аргентина құрамалары кездесіті. 

Sportarena.com

Алматы, NEGE. «Qazsport» телеарнасының мәліметінше, ойынның алғашқы голын «Семей» футзал клубыный ойыншысы Феррао соқты, араға уақыт салып Рафаэль есепті еселеді. Ойын соңында Аргентина жалғыз голын соқты.

Бразилия 2:1 Аргентина

6’ Феррао (1:0)

13’ Рафаэль (2:0)

39’ Роса (2:1)

Бразилия командасы турнирдің топтық кезеңінде Куба, Хорватия, Таиланд құрамаларын жеңді. 1/8-де Коста-Риканы жеңіп, ширек финалда Марокко құрамасынан басым түсті. Ақтық сыңға шығарда оңтүстік америкалықтар турнирдің қола жүлдегерлері Украина құрамасын минамалды есеппен жеңіп, финалға жолдама алды.

Пентакампиондар осы жарыс кезеңінде 7 ойында 38 гол соғып, 6 ғана гол жіберді.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді