Браконьер 1 центнер балықпен ұсталды

Түркістан облысының тұрғыны Алматы облысында заңмен тыйым салынған әдіспен балық аулаған

Алматы, NEGE. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолында Түркістан облысының 20 жастағы тұрғыны басқарған көлікті тоқтатқан. Автокөліктен 115 келі балық табылды. Көлік жүргізушісі ірі көлемдегі балықты аулауға және тасымалдауға қажетті құжаттарды көрсете алмаған. «Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тексеру барысында күдіктінің көлігінен екі аккумулятор мен тоқ ұлғайтқыш құралы, электр қармағы табылды.

Заңмен тыйым салынған балық аулау құралы мен Іле өзенінен ауланған сазан және амур балықтары тәркіленді. Іс бойынша тиісті сот-биогиялық сараптамасы тағайындалды. Балықтар тиісті қабылдау орындарына өткізіліп, одан түскен қаржы мемлекет пайдасына аударылатын болады», - деді Ұйғыр ауданы Полиция бөлімінің бастығы Шыңғысхан Сабуров. Ведомство басшысының ақпаратына сәйкес, күдікті мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды. Дегенмен оның көлігі арнайы тұраққа қойылған. Тәртіп сақшылары қолданыстағы заңнама талабы бойынша браконьердің мемлекетке келтірген материалдық шығынын анықтауда.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?