«Бір жұмысшы қаза тапты» – Жезқазғандағы Анненская кенішінде апат болды

Шығыс Жезқазған кенішіндегі Анненская шахтасында қайғылы оқиға болды, деп хабарлады «Қазақмыс» компаниясының баспасөз қызметі.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. – Өндірістік апат салдарынан 1985 жылы туған 5-разрядты ұсақтағыш қаза тапты. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды, – делінген хабарламада.

Қазақмыс басшылығы мен ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтатыны жазылған.

– Қаза болған жұмысшының отбасына барлық қажетті көмек, ұжымдық шартта қарастырылған төлемдер, оның ішінде жерлеу шығындары көрсетіледі, – деп жазды компания.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады