«Бір реттік неке» дауы: Мирас Жүгінісов ағасы Рүстем Жүгінісовтың пікірінен кейін қыздарды қорғап сөйледі

Ақтөбедегі «Нұр Ғасыр» мешітінде белгісіз ер адам орамал таққан қызға «бір реттік неке», яғни, тек интимдік қатынас үшін жасалатын діни неке ұсынған. Қыз бұған үзілді-кесілді қарсы шығып, жағдайды көпшілікке жария еткен болатын. Көп ұзамай ер адам ұсталып, қоғамдық орында тиіскені үшін 5 тәулікке қамауға алынды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алайда жағдай Рүстем Жүгінісовтың әлеуметтік желідегі пікірінен кейін одан әрі өршіп, қоғамда кеңінен талқылана бастады. Бұрынғы әнші, қазіргі діни блогер өз видеоүндеуінде қыздарға «себепші болмауды» ұсынып, әйел адамдарға үйде отырып, құлшылық етуді, кешкісін көпшілік орындарға шықпауды жөн көретінін айтқан.

«Қарындастар, себеп бермеңдер… Бәрі өздеріңнен. Мешітке барып жүргендеріңді көріп, «мынау күйеу іздеп жүрген шығар» деген ой келуі мүмкін», – деді ол.

Бұл сөздер желі қолданушыларының ашуын туғызып, көпшілік блогердің ер адамның әрекеті үшін жауапкершілікті әйелге жүктегенін сынға алды.

Осы сын-пікірлерден кейін Рүстемнің інісі, белгілі әнші Мирас Жүгінісов оқиғаға қатысты өз пікірін білдірді. Ол әркімнің өз пікірі бар екенін атап өтті, бірақ жеке өзі кінәні ер адамнан көретінін мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Air Astana және FlyArystan компанияларына авиаотынға байланысты айыппұл салынды

Түркістан облысында бір стоматолог бір мезгілде ондаған пациенттің «тісін емдеген»

Оқушы қыздар халықаралық математика олимпиадасында үш медаль жеңіп алды

Ақмола облысында ерлі-зайыпты суррогат анамен соттасып, ақшасын қайтарып алды