«Бір мақтанып қояйыншы» – Алматыда әуежай қызметкерін құтқарған азамат Бағлан Әбдірайымовтың ағасы болып шықты

Әуежай қызметкерін қаскөйден аман алып қалған 52 жастағы Мұса Әбдірайым «Жігіттер» квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымовтың ағасы болып шықты. 

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Оның есімі – Мұса Әбдірайым,1973 жылғы. Түлкібас ауданы, Күмісбастау ауылында дүниеге келген.

Әншінің айтуынша, олар өздері 9 ағайынды. Ол бала кезінен кәсіби спортпен шұғылданған.

«Қазіргі таңда 5 баласы бар, ардақты әке. Бүгінгі ерлігі рас ел шулап жатыр. Намысты жігігіттің бәрі сондай батылдық жасар еді… Ешкім батыр боламын, қаһарман боламын деп жоспармен жүрмесі анық. Дер кезінде дұрыс шешім қабылдап, өміріңізді тапсыра салғаныңыз ерлік. Бұлай қаһарман боларын білгенде таңда бізді шығарып салғанда суретке түсіп алар едік.

Оны 9:25-те Қостанайға ұшқанда көргенбіз, аманатын ап кеткенбіз. Мемлекеттік марапатқа да ұсынып үлгеріпті», - деп жаздыБағлан Әбдірайымов.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр