Бір күнде 200-ден астам жаяу жүргінші жауапқа тартылды

Елорда аумағында «Жаяу жүргінші» атты акция өткізілді.

Астана ПД

Алматы, NEGE. Жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары санын азайту және жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын болдырмау мақсатында елорда аумағында «Жаяу жүргінші» атты акция өткізілді. Іс-шара барысында жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерлерден өтуі және бағдаршамның қызыл түсіне өту секілді құқық бұзушылықтар анықталып, жолы кесілді.

«Айрықша назар жолдың қауіпті учаскелеріне, кәмелетке толмаған жаяу жүргіншілерге және самокат пен мопед жүргізушілеріне аударылды. Соңғы уақытта жол қозғалысы қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіріп тұрған шағын электр көлік құралдары да назардан тыс қалмады», - делінген хабарламада.

Күніне тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілер тарапынан 200-ден 300-ге дейін құқық бұзушылықты анықтайды. Биылғы жылдың басынан бері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабымен 17 мыңға жуық жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, аталған бапқа сәйкес велосипед, мопед және самокат жүргізушілері де жауапкершілікке тартылады.

Қазір оқып жатыр

БҚО-да 16 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген шенеунік қамалды

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция – елдік жаңарудың бастауы

Ұлттық банк төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Президент Снежанна Имашеваны отбасы омбудсмені етіп тағайындады