Boxrec.com сайтының үздік ондығына үш қазақстандық боксшы енді

Boxrec.com сайты Америка өкілі Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) ресми түрде суперорта салмаққа ауысқаннан кейін орта салмақтағы үздік боксшылар рейтингін жаңартты.

Алматы, NEGE. Орта салмақ рейтингінің ТОП-ондығына Қазақстаннан бірден 3 боксшы енді: WBA Super, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО), WBO-нің толыққанды чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) және WBO International чемпионы Мейірім Нұрсұлтанов (17-0, 10 КО).

Орта салмақтағылар тізімінде Головкин бірінші орында тұрса, Әлімханұлы – сегізінші, Нұрсұлтанов – тоғызыншы.

Айта кетейік, ТОП-10-ға ең көп боксшы Қазақстаннан еніп отыр. Өзге елдерден алғашқы ондыққа тек бір боксшыдан қосылған: кіші Крис Юбэнк (32-2, 23 КО, Ұлыбритания), Хайме Мунгия (40-0, 32 КО, Мексика), Карлос Адамес (21-1, 16 КО, Доминикан Республикасы), Сергей Деревянченко (14-4, 10 КО, Украина), Майкл Зерафа (30-4, 19 КО, Аустралия), Эрисланди Лара (29-3-3, 17 КО, Куба / АҚШ), Винсент Файгенбутц (34-3, 30 КО, Германия).

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды