BoxRec үздік қазақстандық боксшылардың рейтингін жаңартты

Барлық боксшылардың кәсіби жетістігін саралап отыратын Boxrec.com сайты үздік қазақстандық он спортшының тізімін жаңартты.

Алматы, NEGE. Геннадий Головкин біраз уақыт үзілістен кейін рингке оралып, рейтингіде қайтадан көш бастады. Жәнібек Әлімханұлы сәйкесінше екінші орынға түсті. Үздік үштіктен Сергей Липинец «белсенді болмағаны» үшін шығып қалды, оның орнына Мейірім Нұрсұлтанов келді.

BoxRec тұжырымы бойынша үздік он қазақстандық боксшы:

1. Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) — 684.7

2. Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) — 30.81

3. Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО) — 17.58

4. Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) — 13.59

5. Қанат Ислам (28-1, 22 КО) — 12.51

6. Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) — 12.07

7. Руслан Мадиев (14-2, 5 КО) — 11.96

8. Али Ахмедов (18-1, 14 КО) — 10.69

9. Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО) — 9.655

10. Бекман Сойлыбаев (13-1, 5 КО) — 8.247. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды