Ботақарадағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қарағанды облысындағы оқыс оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Полиция газ баллонының жарылуына не себеп болғанын, оған кім кінәлі екенін анықтамақ.

Төтенше жағдай мамандары жасаған алдын ала қорытындыға сүйенсек, қауіпсіздік шаралары сақталмаған. Көгілдір отыны бар баллонды суықтан жылы жерге кіргізген болуы мүмкін.

Еске салайық, Ботақарадағы газ баллоны жарылысынан екі адам қаза тапты. Тағы бір бала мен ер адам ауыр жағдайда жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Тоқаев Президент Әкімшілігін басқарған Айбек Дәдебайдың жұмысына баға берді

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: екі адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді