Бостандық алаңында тәртіпсіздік артты
Еревандағы Бостандық алаңында жаппай тәртіпсіздікке қатысушылар премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етті.
Алматы, NEGE. Олар үкімет басшысының Таулы Қарабаққа байланысты келісімге қол қойғанына наразы, – деп хабарлайды РИА Новости.
Жиналғандар Қарабақта территорияны бөліп беріп, соғысты тоқтату туралы келісімге қол қоюды «сатқындық» деп санайды.
«Егер біз Николды қумасақ, халқымыздың намысы жоқ деп есептеледі», – деді Арменияның экс-премьері Вазген Манукян.
Митингіге шыққандар «Никол – сатқын» деп айғай салды. Олар арасында полицейлермен қақтығысып тұр. Акцияға қатысу үшін адамдар әлі келіп жатыр.
Құқыққорғаушылар да митинг болып жатқан жерге жиналып жатыр. Олар наразылық білдірушілерден алшақ тұр. Әзірге ІІМ бөлімшелері қарусыз, арнайы техникасыз келді.
«Дашнакцутюн» партиясының өкілі қазіргі жағдайдан шығу үшін Ұлттық құтқару комитетінің құрылғанын мәлімдеді, бірақ нақты ақпарат айтпады.