Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы Желко Цвиянович Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді
2023 жылғы 7-11 маусым аралығында Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы Желко Цвиянович Астана халықаралық форумына қатысу үшін Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді.
Алматы, NEGE. Сапар барысында мемлекет басшылығымен және Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Спикері Ерлан Қошановпен кездесулері жоспарланған.
Жоғары деңгейдегі кездесулерде екіжақты қатынастардың, халықаралық ынтымақтастықтың және өңірлік саясаттың күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау көзделеді.