Борис Джонсон COVID-19 құрбандарының жақындарынан кешірім сұрады

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі елдің пандемияға көзқарасын терксеруге қатысты 2 күнге созылатын тыңдалымға қатысып жатыр.

Бұл туралы Euronews хабарлады.

Атырау, NEGE. Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон пандемияға елдің көзқарасы қандай болғанын тексеруге қатысты тыңдалымда сөз сөйлеп, COVID-19 салдарынан құрбан болған азаматтардың туыстарынан «қайғы, жақынынан айырылғаны мен азап тартқаны» үшін кешірім сұрады.

Қаза болғандардың туыстары оның сөзін бөле берді. Ал бірінің қолында «Өлген адамдар сіздің кешіріміңізді естімейді» деген жазуы бар плакат болды. Бірнеше адам залдан шығарылды.

Қабылданған шешімдерге жауапкершілік алу туралы сұраққа жауап бергенде саясаткер қателіктер болғанын мойындады.

COVID-19 Ұлыбританияда 232 000 адамның өмірін қиды.

Джонсон 2022 жылдың қыркүйегінде, локдаун кезінде Даунинг-стриттегі резиденциясында сауық-кештері ұйымдастырылғаны белгілі болғаннан кейін премьер-министр қызметінен кетті.

Қазір оқып жатыр

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады