«Борат-2» фильмі Гиннестің рекордтар кітабына енді
Саша Барон Коэн түсірген «Борат-2» Гиннестің рекордтар кітабына Оскар тарихындағы ең ұзақ атауы бар фильм ретінде енді.
Алматы, NEGE. Фильмнің толық атауы «Borat Subsequent Moviefilm: Delivery of Prodigious Bribe to American Regime for Make Benefit Once Glorious Nation of Kazakhstan» деп аталады.
Еске салайық, "Борат-2" фильмінің премьерасы 2020 жылдың 23 қазанында Amazon Prime-де өтті.
15 наурызда "Борат-2" фильмі "Оскар-2021"сыйлығының номинанттары қатарына енді. Картина бірден екі номинацияда ұсынылды.
1 наурызда "Борат 2" фильмі бірден "Алтын глобус" сыйлығының екі мүсінін жеңіп алды.