Боранда жоғалған шопан аман табылды

16 ақпанда полиция қызметкерлеріне таңға жуық мал бағуға шығып, содан қайта оралмаған шопанды іздеу туралы өтініш түсті.

ҚР ТЖМ

 Алматы, NEGE. Алакөл аудандық полициясының жеке құрамы мен құтқарушылар із-түзсіз жоғалған адамды іздеуге аттанды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Іздеу-құтқару жұмыстары барысында ер адам Алакөл ауданы Бұлақты ауылының маңынан, теміржол бойындағы вагоннан табылды.

«Қарлы боран мен жан-жақтың мүлдем көрінбеуінен мен бағдардан жаңылып қалдым. Бірнеше сағаттан кейін кішкентай вагонды көріп, сол жерде боранның басылғанын күттім. Мені тауып, құтқарып алса екен деп тілеуден басқа еш амалым қалмады, өйткені аяздан өз аяғымды мүлдем сезбей қалдым. Тілеуімді беріп, полицейлер мен құтқарушылар аман-сауымда мені тапты. Мен оларға жанқиярлық еңбектері үшін үлкен ризашылығымды білдіремін», – деді ер адам.

Ер азаматтың қолы мен аяғы үсіп қалған. Құқық қорғау органдары ер адамды дереу Үшарал қаласының орталық аудандық ауруханасына жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда жалғызбасты ана жол апатынан қаза тапты: күдіктінің жүргізуші куәлігі болмаған

Шымкентте екі колледжде 1,3 млрд теңге жымқыру ісі: күдіктінің Дубайдағы пәтері бұғатталды

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды