Боран салдарынан Үшарал-Достық жолы жабылды
Боран салдарынан «Үшарал-Достық» күре жолы жабылды.
Алматы, NEGE. «ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ Алматы облыстық филиалы мен «Казахавтодор« ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, 2021 жылдың 24 қаңтары сағат 15:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты боран, көріну шектеулі) «Үшарал - Достық« республикалық маңызы бар автожолында (0-84 шақырымдары) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабылды.
Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге қажетті барлық заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз»,- делінген Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында. ТЖД өкілдері азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.