Бөлек ұйықтау ажырасуға әкеп соғуы мүмкін

Мамандардың көпшілігі жұбайлардың бірге ұйықтауы – бір-біріне деген сенімділіктің, сүйіспеншіліктің көрінісі деп санайды. Сондай-ақ, сексологтар

«ерлі-зайыптылардың бөлек жатуы жыныстық қатынас жиілігінің төмендеуіне және өзара түсініспеушіліктің туындауына әкеп соғады» дейді. Бұл туралы syrlasu.kz хабарлайды.

Алматы. NEGE.  Әрбір әйел жан-жарының құшағында жатып ұйықтағанды қалайды. Осылайша, бірге ұйықтайтын қос ғашықтың арасында эмоционалдық байланыс орнап, қарым-қатынас нығая түседі.

Биоэнергетика сарапшыларының айтуынша, жұбайлардың біреуі ауырып қалса, екіншісі оған ұйқы кезінде қуат беріп, емдеп ала алады екен. Дейтұрғанмен, мұндай құбылыс бірін-бірі шын сүйетін, үйлесімділікте өмір сүретін жұптардың арасында ғана болуы мүмкін.

Осы орайда егде жастағы ерлі-зайыптыларға да бірге ұйықтауға кеңес беріледі. Өйткені жұбайлардың бірі әдетте түнде ауырып қалады, екіншісі оған дәрігер шақырып немесе қажетті дәрі-дәрмектерді беріп, дер кезінде көмек көрсете алады.

Негізінде, жатын бөлме ерлі-зайыптылар үшін ерекше орын болып саналады. Фэн-шуй іліміне сенетіндер немесе өздерін эзотерик деп санайтын жандар дәл осы бөлмеде оңай таусылатын қуат бар деген ойда.

Ұйқыда жатқан адам сыртқы ортаны, рухтар әлемін ерекше сезе алады. Сондықтан ерлі-зайыптылар демалатын бөлмеге қатысты түрлі наным-сенімдер бар. Мәселен:

  • Ерлі-зайыптылар әртүрлі төсекте ұйықтай алмайды, себебі оның арты ажырасуға әкеп соғуы мүмкін.
  • Жұбайлардың бір төсекте жатып, бөлек көрпе жамылуы да дұрыс емес.
  • Қос ғашық төсенетін матрас та біріккен болуы тиіс. Егер олардың астында екі түрлі матрас жатса, отбасында гормония жоғалуы ықтимал.
  • Жатын бөлмеге өзгелерді кіргізбеген жөн. Себебі өзгелердің қуаты бөлменің аурасын бұзуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды