Болатбек Каюпов уақытша қамалды

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюпов екі айға қамауға алынды, – деп хабарлайды «Мой ГОРОД».

Алматы, NEGE. БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, «Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы мен оның көмекшісіне қатысты екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Еске салайық, Болатбек Каюповтың ұсталғаны туралы 29 қазанда белгілі болған еді.

Кейінірек сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Каюпов серіктесімен бірге 2020 жылғы 12-23 қазан аралығында компания директорынан атқарылған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қою және медициналық жабдықтарды (мониторларды) жеткізуге ЖШС-пен бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша жалпы сомасы 78 миллион теңге пара алғанын хабарлаған еді.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

АТ1 мен Вена биржасы. ForteBank НЕГЕ капиталын жедел көбейтуде?