Болат Назарбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваға қатысты «Рейдерлік» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы @kozachkow телеграмм арнасы хабарлады.

Елорда, NEGE. Құзырлы органдарға арызды Нұрша Кәкенов жазған. Ол «Каруан» ЖШС құрылтайшыларының бірі болған, бірақ оның үлесін алып қойған, арызданушы оның шығынын 150 миллион долларға бағалаған.
Ашық деректерге сүйенсек, Маңғыстау облысында марганец өндірумен «Каруан» ЖШС айналысқан.
egov.kz порталының хабарлауынша, 2006 жылдың басында Нұрша Кәкенов серіктестіктің ортақ иелерінің бірі болған, бірақ сол жылы бірінші президенттің інісі ЖШС-нің жалғыз қатысушысы болған.
Ал 2018 жылдың ақпан айынан бастап компания екі заңды тұлғаға тиесілі - «Central Asian Investment Consulting Company» ЖШС және Кипрде тіркелген ILMAX LTD. 2021 жылы «Каруан» ЖШС жұмысын тоқтатты.