Болат Назарбаев қайтыс болды

Болат Назарбаев қайтыс болды. Бұл туралы бірнеше ақпарат құралы хабарлады.

Алматы, NEGE. Болат Назарбаев 13 қараша, дүйсенбі күні сағат 9.51-де 70 жасында қайтыс болған. Оның денесі қазір жұрт арасында «Совминка» аталып кеткен ауруханада. 

Бүгін таңертең ауруханада экс-президенттің інісі Болат Назарбаевтың жүрегі тоқтап қалған. Экс-президент Н.Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Б.Назарбаевтың қайтыс болғанын растады.

Б.Назарбаев 1953 жылы 23 наурызда Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. 1997 жылдан BN Invest холдингінің директоры. 2016 жылы «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорын құрған. «Парасат» орденінің иегері.

Өткен аптада Б.Назарбаевтың денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға түскен болатын.

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты