Болат Назарбаев Алматы облысындағы «Барыс» автобазарынан айырылуы мүмкін

Болат Назарбаев «Барыс» автобазарынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды «Пятый регион».

Алматы, NEGE. Қарасай ауданының сотында прокуратура, жергілікті әкімдік және Болат Назарбаев арасында сот процесі жүріп жатыр.

«Қарасай ауданының прокуратурасы жалпы көлемі 35 гектардан асатын жер телімдерін сату келісім-шарттарын жарамсыз деп тануын талап етеді. Оның себебі қарапайым: бұл учаскелер ауыл шаруашылығы жерлеріне тиесілі «суармалы егістік» болған, ал Жер кодексіне сәйкес ауыл шаруашылығы жерлері ерекше қорғауға жатады. Белгіленген мақсатты дәлелді себепсіз өзгертуге жол берілмейді», — деп жазады «Пятый регион».

БАҚ жерді беру дерегі өрескел заңбұзушылықпен жүргізілгенін баса айтады. Сондықтан прокурорлар сатып алу-сату келісімдерін жарамсыз деп танып, мемлекет балансына қайтаруды талап еткен.

2004-2019 жылдар аралығында жер телімдерін сату бойынша 7 келісім-шарт жасалған. Мемлекеттік жерлер әр уақытта берілді: Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы әкімдігі және аудандық жер қатынастары бөлімі.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?