Болат Назарбаев «Алматы ауыр машина жасау зауытының» акцияларын мемлекетке қайтаруға міндеттелді

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің талап-арызы бойынша Болат Назарбаев пен PLS-TM ЖШС-ны Алматы ауыр машина жасау зауытының акцияларын мемлекет меншігіне қайтаруға міндеттеді.

Алматы, NEGE. Жоғарғы сот 2009 жылдың 2 сәуіріндегі Болат Назарбаев пен "PLS-TM" арасындағы акциялардың кей құжаттарын жарамсыз деп таныған. Сондықтан Назарбаев оларды Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне қайтару керек. Сот отырысына Болат Назарбаев пен Мемлекеттік мүлік комитетінің өкілдері келген жоқ.

Еске сала кетейік, Болат Назарбаев мемлекеттік акцияларды иемденіп және сатпақ болды деген күдікке ілінген болатын.