Болат Бақауовтың үйқамақ мерзімі ұзартылды
Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовты үйқамақта ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Бұл туралы облыстық сот хабарлады.
Павлодар, NEGE. Бұрынғы шенеунікті үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінімді сотқа дейінгі тергеу органы 6 мамырда түсірген екен. Бақауовтың үйқамақ мерзімі 10 мамырда аяқталуға тиіс болатын. Павлодар облыстық соты таратқан мәліметке қарағанда, бұрынғы әкімнің үйқамақ мерзімі 13 маусымға дейін ұзартылды.
Естеріңізге салайық, Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов «қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айыппен 16 қаңтарда ұсталып, үйқамаққа түскен болатын.