Болат Әбіловке қаңтар құрбандарын еске алу митингін ұйымдастырғаны үшін айыппұл салды

Қазақстандық кәсіпкер Болат Әбілов 13 ақпан күні Қаңтар құрбандарын еске алу митингін ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оны 50 АЕК (153 150 тг) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді.

Алматы, NEGE. Бұл туралы журналист Вадим Борейко Facebook парақшасында жазды.

Айтуынша, прокурор Болат Әбіловке 15 АЕК (45 945 тг) көлемінде айыппұл тағайындауды сұраған. Ал сот 50 АЕК көлемінде айыппұл белгілеген.