Болат Әбілев: Кісі өлтірген Дикий Арманды түрмеден шығарып алған – Қайрат Сатыбалды

«Қазақстан» қонақ үйінде өткен жиында Қайрат Сатыбалдының Дикий Арманды оппозицияға қарсы қалай пайдаланғаны жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді.

Алматы. NEGE. «2005 жылы 2 мамыр күні парламент сайлауының қарсаңында Шымкентте бас қостық. Екі-үш күн бұрын Қайрат Сатыбалды Шымкентке келіп, Дикий Арманмен сөйлесті. «Сені түрмеден шығарамыз. Ертең оппозицияны «қарсы алып, шығарып» саласың. Біз сені босатамыз», - деп уәде берген. Сөйтіп, адам өлтіріп, түрмеде отырған Дикий Арманды шығарып алған. Ол бір әйелді атып тастағаны үшін қамалған еді.

Ол 100-200 бандитті жинап, біз жиналып отырған залға басып кіріп, топалаң жасады. Сот болған кезде Дикий Арман темір тордың арғы жағынан қолын беріп: «Аға, кешіріңіз. Маған өтініш жасады», - деп, кешірім сұрады. Оған биліктің адамдары тапсырма берген еді», – деді Болат Әбілев.

Саясаткер қылмыс әлемінің тәсілдерін, өкілдерін саясатқа араластыруды тоқтатуға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты