Болат Жұрабаев денсаулығына байланысты Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы қызметінен босатылған

Болат Жұрабаев денсаулығына байланысты Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы қызметінен босатылды, деп хабарлады қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов.

gov.kz

Алматы, NEGE. «Әскери қызметкердің денсаулығына байланысты отставкаға кетуін қандай да бір оқиғамен байланыстырмаңыздар. Бұл – өмірдің заңы. Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы денсаулығына байланысты зейнеткерлікке шықты. Өйткені Арнайы операциялар күштеріне денсаулық жағдайына байланысты бөлек талап қойылады», – деді Жақсылықов.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың 29 желтоқсанында Жұрабаевты Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы қызметінен босатқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды