Болат Сақаев еркін күрестен Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Қазақстан құрамасының спортшысы Болат Сақаев (86 келіге дейін) Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында жеңіліс тапты.

ҰОК

Алматы, NEGE. Ақтық сында отандасымыз Иран спортшысы Абольфазл Рахманиге 11:4 есебімен есе жіберді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін) алтыннан алқа таққан болатын. Сондай-ақ, Ризабек Айтмұхан (97 келіге дейін) екінші орын алса, Рахат Қалжан (57 келіге дейін) қола медаль иеленген еді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?