Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

«Верный Капитал» компаниялар тобы қазақстандық OLX бизнесін сатып алу мәмілесін аяқтады. Кәсіпкер Болат Өтемұратов инвестиция салған компания бұл келісімді Beeline Қазақстан арқылы жүргізген.

utemuratovfund.org

Астана, NEGE. Мәміле нәтижесінде танымал хабарландырулар платформасын басқаратын компанияның 100 пайызы жаңа иесіне өтті. 

«Бұл – біз үшін портфельді кеңейту ғана емес, күнделікті цифрлық қызметтер инфрақұрылымына салынған инвестиция», – деді Болат Өтемұратов.

Қазір OLX платформасын ай сайын шамамен 9 миллион адам белсенді қолданады. Бұл Қазақстандағы белсенді интернет аудиториясының 52 пайыздан астамын қамтиды.

VEON басшысы Каан Терзиоглу да мәмілеге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, OLX Қазақстанды сатып алу компанияның цифрлық қызметтер портфелін елдегі жетекші онлайн-хабарландыру платформасымен толықтыруға мүмкіндік береді.