Болат Назарбаевтың бұрынғы активі мемлекетке қайтарылды

Болат Назарбаевпен үлестес Қордай ауданындағы базардың жерлері Жамбыл облысы прокуратурасының бастамасымен мемлекетке қайтарылды.

Жамбыл облысының прокуратурасы

Алматы, NEGE. 2004 жылы Қордай ауданы әкімдігінің және Қордай ауылдық округі әкімінің актілерімен Б.Назарбаевқа тиесілі «Қарасай БН-Тараз» ЖШС-ға «Барыс-2» сауда кешеніне қызмет көрсету үшін ауданы 34,3017 га учаске берілген.

Жамбыл облысының прокуратурасы учаскені беру кезінде оның тәртібі бұзылғанын мәлімдеді.

«Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысымен «Қарасай БН-Тараз» ЖШС-мен Қордай ауданы әкімдігінің Жер қатынастары бөлімі арасындағы 24.07.2007 жылғы №81 және №82 жер учаскелерін сатып алу-сату, жер учаскелерін өтеусіз беру туралы «Қордай Инвест» ЖШС-ның барлық шарттары жарамсыз деп танылып, күштері жойылды», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін