Болат Назарбаевтың Алматы мен Қапшағай маңындағы жерлері мемлекетке қайтарылды
Бұл туралы Мәжіліс кулуарында депутат Бақытжан Базарбек мәлімдеді.
Астана, NEGE. Депутаттың айтуынша, «Жер аманаты» комиссиясы төрт жыл ішінде Бас прокуратура және өзге де мемлекеттік органдардың қатысуымен жалпы ауданы 400 млн 700 мың гектар болатын жер телімдері қайтарылған, деп жазады Курсив.
Атап айтқанда, Алматыдағы Медеу, Бостандық және Наурызбай аудандарында 99 жер телімі қайтарылған. Олардың кейбірінде Болат Назарбаев жер иесі ретінде көрсетілсе, енді бірқатарында бенефициар ретінде тіркелген.
Сондай-ақ оның компаниясы мен туыстары Қапшағай маңындағы 81 жер телімінің меншік иелері қатарында болған.
Депутат бұл жер телімдерінің барлығы мемлекет меншігіне өткенін атап өтті.
Жер телімдерінің меншік иелері мен бенефициарлары қатарында Тимур Құлыбаев пен Асқар Құлыбаевтың да есімі аталған.