Болат Мажағұлов 8 жыл 6 айға сотталды

Астанада мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажагұлов пен мердігер ұйымның өкіліне қатысты сот үкімі шықты.

gov.kz

Астана, NEGE. Сот шешімімен мәдениет басқармасының экс-басшысы Болат Мажагұлов 8 жыл 6 айға сотталды.

Сот Болат Мажағұлов аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша кінәлі деп танылды. Оған Есіл өзеніндегі "Күн" субұрқағының құрылысына бөлінген 1 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деген айып тағылған болатын.

Тергеу барысында белгілі болғандай, бұл жоба ешқандай мемлекеттік сатып алусыз, жобалық-сметалық құжаттамасыз, мемлекеттік сараптамадан өтпей салынған. Бұрынғы шенеуніктің құны 572 миллион теңгеден асатын мүлкі тәркіленді.

Іс бойынша тағы бір айыпталушы, мердігер ұйымның өкілі Мәди Қанапин 3 жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол мемлекет қаржысын жымқыру (ҚК 189-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы) және қылмыс жасауға жәрдемдесу (ҚР ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігі) бойынша кінәлі деп танылды.

Сондай-ақ сот Мажағұлов пен Қанапиннен 1 миллиард 86 миллион теңге көлеміндегі шығынды өндіру туралы шешім шығарды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті