Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорда

Астана, NEGE. Болат Ақшолақов 1971 жылғы 9 сәуірде Атырау қаласында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Экономист» мамандығы бойынша бітірген, Мұнай-газ өнеркәсіптік білім орталығын тәмамдаған.

Еңбек жолын Alem Bank Kazakhstan-да экономист болып бастаған.

Әр жылдары «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» президенті, мұнай және газ вице-министрі, «Almex Petrochemical» ЖШС бас директоры, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры, энергетика вице-министрі қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры, кейін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болды.

2025 жылғы ақпанынан бері KAZENERGY қауымдастығының төрағасы қызметін атқарып келді.