Болашақ сенаторлардың мамандықтары қандай?

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев сенаторлыққа үміткерлердің қатарында қай мамандық иегерлері бар екенін айтты.

Алматы, NEGE. «Мамандықтар бойынша тоталсақ, 19 инженер, 13 экономист, 8 педагог, 7 аграрлық сала қызметкері, 5 дәрігер, 3 заңгер, 1 саясаттанушы, сондай-ақ екеуі басқа мамандық иегері. Кандидаттар арасында қазіргі кезде қызмет атқарып отырған 4 сенатор бар. Бұдан басқа, кандидаттар ішінде 21 коммерциялық құрылым қызметкері, 16 мемлекеттік ұйымның, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері, 12 мемлекеттік қызметші, 5 қоғамдық ұйымның өкілі бар», – деді Б. Имашев ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Сонымен қатар ол 23 шілдеде сағат 18:00-ден бастап Сенат депутаттығына тіркелген барлық кандидаттар сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқылы екенін еске салды.

Үгіт-насихат биылғы 11 тамызда сағат 00:00-ге дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді