«Болашақ» стипендиясына және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасына құжат қабылдау басталды

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Өтініш беру мерзімі:

• «Болашақ» – 3 наурыздан 17 қазанға дейін (egov.kz порталы арқылы)

• «Ғылыми тағылымдамалар» – 3 наурыздан 31 қазанға дейін (ХБО кеңсесінде, Астана)

Конкурстық іріктеу 2025 жылғы 1 сәуір мен 31 желтоқсан аралығында өтеді.

2025 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу үшін 645 стипендия бөлінді. Оның ішінде магистратура бағдарламасы бойынша – 411 стипендия, докторантура/резидентура бойынша – 41 стипендия, тағылымдамалар бойынша – 193 стипендия.

Ғылыми тағылымдамалар бойынша 250 стипендия бөлінді.

Шетелде кадрлар даярлау кезінде инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарға басымдық беріледі.

Мемлекет академиялық оқуға, тағылымдамадан өтуге, ұшуға, медициналық сақтандыруға, визалық алымдарға, оқулық материалдарын сатып алуға жұмсалатын шығындарды жабады, сондай-ақ ай сайын стипендия төлейді.

Толық ақпарат:  bolashak.gov.kz

Сұрақтар бойынша: 8 (7172) 76-90-76 (ішкі 110, 113)

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр